03
Жұма,
Мамыр

һижри

Имам Науауидың 40 хадисі насихатталды

Имам Науауидың 40 хадисі насихатталды

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы облысының Іле ауданында «Имам Науауидың 40 хадис жинағының» қазақша мағынасы бойынша жамағат арасында байқау өтті.

Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған ізгі шара Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылдық «Омарбек» мешітінде өтті. Жамағат арасындағы жарысқа он екі ауылдың азаматтары қатысты. Шара Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды.

Әуелгі сөз Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлына берілді. Аудан имамы жиналған жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, имам Науауидің 40 хадис жинағы кітабының маңыздылығына тоқталды. Осыдан кейін қатысушы шәкірттерге жарыстың талап тәртіптері түсіндіріліп, сайысқа төрелік ететін Алматы облыстық мешітінің ұстазы Бағылан Болатбекұлы таныстырылды.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Междуреченск ауылдық мешітінің шәкірті Ерназ Мұқиятұлы иеленді. Екінші орынға Жәпек батыр ауылының жамағаты Асланбек Төлеген табан тіресе, үшінші орынды Екпінді ауылдық мешітінің жамағаты Арман Әбдіжанов қанағат тұтты.

Шара соңында Мәуліт дастарқаны жайылып, ұстаз Бағылан Болатбекұлы жиналған жамағатқа мәуліттің мән-маңызын түсіндіріп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі жайлы насихат айтты.

Бөлісу: