07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Кәсіпкер «Құнанбай қажы» мешітіне көлік сыйлады

Кәсіпкер «Құнанбай қажы» мешітіне көлік сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітіне су жаңа көлік сыйлады.

«Осы елдің азаматы ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық. Көліктің қай уақытта да керектігі рас. Осы көлік Алланың үйінің пайдасына жараса болар. Жақсылығымыз көп болғай» деді Нұркен Жарылғапұлы өз сөзінде.

Іс-шараға аудан әкімі Ерлан Құсайын арнайы қатысып, қасиетті Алла үйіне үлкен демеушілік көрсеткен қоғам қайраткеріне аймақ тұрғындары атынан алғысын білдірді. Одан кейін «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов атымтай жомарт жандарға ризашылығын білдіріп, елдің ақсақалдары дұға жасады.

Бөлісу: