02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қарағанды: Ауыл халқын қуантқан жаңа мешіт

Қарағанды: Ауыл халқын қуантқан жаңа мешіт

Жаңалықтар
Жарнама

Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Садовое ауылында көк күмбезді жаңа мешіт халыққа есігін айқара ашты.

Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, Осакаров ауданының әкімі Руслан Есенбекұлы мен Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен Сайфиддинұлы, сондай-ақ ауыл тұғындары қатысты.

Облыс бас имамы мен аудан әкімі жергілікті тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, Жандар батыр есімі берілген мешіт ауылдың белсенді азаматтарының бірі Медеубай Сайлауұлының тікелей демеушілігімен небәрі 5 айдың ішінде бой көтеріп, қолданысқа беріліп отыр. Сыйымдылығы 300 адамдық мешіт жанында діни рәсімдерді өткізетін асхана мен имамға арналған қызметтік үй де қоса салынған.

Бұрын құлшылығын орындау үшін ауылдан шалғай орналасқан мешітке баратын тұрғындар қыстың аязды күндерінде оған да мүмкіндік таппай қалатынын жасырмады. Сол себепті ауыл ішінде жаңа мешіттің ашылуы жергілікті жамағат үшін айтарлықтай зор қуаныш болып отыр.

Бөлісу: