17
Жұма,
Мамыр

һижри

ШҚО: Күршімде жаңа мешіт ашылды

ШҚО: Күршімде жаңа мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарыөлең ауылында жаңа мешіт ашылды.

Ауылдық мешіттің ашылу салтанатына облыс бас имамы Ермек Қасболатұлы және аудан әкімі Алмат Талғатұлы, өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер қатысты.

«Бүгін ежелден берекелі Күршім ауданының Сарыөлең ауылында көрікті жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл халық үшін, ел-жұрт үшін үлкен игі іс. Енді Сарыөлең халқы өз мешіттерінде намаз өтеп, жұма оқып, дәріс алып, имандылық жолында тәлім алады. Бұл осы халықтың тілеуінің арқасы» деген Ермек Қасболатұлы, жиналған халықты құттықтады. Бас имам сонымен қатар осы мешітті салған жомарт азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етілді.

Жиында сөз алған Күршім ауданы әкімі Алмат Талғатұлы халықты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, бұл игі іс ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жат ағымдардан сақтану, жастардың адамгершілік құндылықтарға жақындауына зор рол атқаратындығын ерекше атады.

Салтанатты шарада Күршім аудандық орталық мешіттің бас имамы Тилейбек Соянұлы Құран оқып, белгілі ұстаз, исламтанушы Шыңғыс қажы ауыл халқына берекет тілеп, бата берді.

Сарыөлең ауылында ашылған еңселі ешіт толықтай қажетті жабдықтармен жабдықталып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Ашылу салтанатында барысында ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.

Бөлісу: