29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Алматы облысы: Пайғамбарға 18 миллион салауат айтылды

Алматы облысы: Пайғамбарға 18 миллион салауат айтылды

Жаңалықтар
Жарнама

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына орай ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы облысындағы өкілдігін Әйел-қыздар секторы «Мен Пайғамбардан тәлім алам» тақырыбында рухани кеш ұйымдастырды.

Әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Аринова Майгүлдің бастамасымен жүзеге асқан шараға Қонаев қаласы және Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле аудандарының ұстаздары мен жамағаты қатысты.

Шара шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы сөз алып, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген шынайы махаббат жайында уағыз айтып, жиналған қауымды мүбәрак мерекемен құттықтады. Бұдан кейін әр аудан сахна төрінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертетін әсерлі көріністер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан аудан мешіттеріне арнайы жүлде де бөлінді. Гүлмира Ілесбай және Мұнайым Арынқызы ұстаздардың шешімімен І орын Жамбыл ауданына (100 000 теңге) бұйырып, ІІ орынды Қонаев қаласы (70 000 теңге) иеленсе, ІІІ орынды Қарасай ауданы (50 000) қанағат тұтты. Талғар және Іле аудандары болса алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтарына лайық деп танылды.

Сондай-ақ Майгүл ұстаздың ұйытқы болуымен Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудан арнайы жарыс өтіп, бір айдың ішінде 18 000 000 салауат айтылды. 500 қатысушы қатысқан жарыс нәтижесі төмендегідей:

І орын: 660 000 салауат – Әбубәкір Ринатұлы (30 000 теңге);
ІІ орын: 582 038 салауат – Әмірғали Бақытқали (20 000 теңге);
ІІІ орын: 318 000 салауат – Биткенова Жадыра (10 000 теңге).

Рухани кешке келген қонақтардың бәріне арнайы сыйлықтар үлестірілгенін де айта кеткеніміз жөн.

Бөлісу: