23
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Бас мүфти қайырымдылық жоба үздіктері мен еріктілерді марапаттады (фото)

Бас мүфти қайырымдылық жоба үздіктері мен еріктілерді марапаттады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» бірінші республикалық еріктілер форумында қайырымдылық жұмыстарының үздіктерін марапаттады.

Атап айтсақ, «Үздік қайырымдылық жоба» номинациясы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы жауапты өкілі Темірбек Пернебекұлы марапатталса, «Жыл жанашыры» номинациясы Оксана Шумейкоға табысталды. Оксананың Қостанай облысындағы төтенше жағдай кезінде «Зекет және қайырымдылық» қоры құрған арнайы штабында күні-түні қызмет істеп, Әулиекөл ауданы тұрғындарына жедел көмек беруге атсалысқанын ерекше атай кеткен жөн.

Бөлісу: