29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти Ислам институтында болды (фото)

Наиб мүфти Ислам институтында болды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфтиКенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімін жетілдіріп жатқан имамдармен кездесіп, «Имамдық әдебі» тақырыбында дәріс оқыды.

Сабақ барысында имамдардың жүріс-тұрысы, киім киюі, сөйлеу әдебін талқылап, көркем мінезді болуды насихат етті. Имамдардың әрқайсысы ұстаз және өз аймағына, жамағатына үлгі екенін ескертті. Имам-молдалардың өздеріне байқалмай жүрген кейбір олқылықтарды айта келе: «Сіздер үлкен аманат арқалап жүрсіздер. Ол – дін Ислам. Сондықтан дінімізге тіл тигізуден сақ болайық. Имамдар – көпір іспетті. Ол көпірден ауыр да, жеңіл де өтеді. Ал біз шыдас беруіміз қажет» деді наиб мүфти. Сондай-ақ ол имамдарды Алла разылығы үшін шыдамды әрі сабырлы болуға, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне берік болуға, тақуалыққа үндеді.

Наиб мүфти имамдарды білім, әдеп және ішкі жан дүниені көркемдеу тұрғысынан әрдайым кемелденіп отыруға шақырып, білімсіз пәтуә беруден, әдепке қайшы қылықтардан, көңілді кірлетуден сақтану керектігін айтты. Дәріс соңында имамдардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу: