23
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Жамбыл облысында жаңа мешіт ашылды

Жамбыл облысында жаңа мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Қызылқыстақ ауылында «әл-Кәрим» мешіті ашылды.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы, сондай-ақ Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков пен өңірге белгілі ақсақалдар, жамағат қатысты.

Іс-шара Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің Құран оқуымен басталды. Артынша наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Қызылқыстақ ауылының тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, мешітке сыйлығын табыстап, мешіт салған кәсіпкер Сұлтан Мұқшаевты алғыс хатпен марапаттады.

Одан ары аудан әкімі, ел ақсақалдары сөз сөйлеп, мешіттің ашылуымен құттықтады. Ауыл тұрғындары өздерінің ізгі тілегін білдіріп, осы істің басы қасында жүрген ұйымдастырушыға, мешіт салған кәсіпкерге алғысын білдірді.

Айта кетейік, Қызылқыстақ ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Бөлісу: