16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Білімді мыңды жығар» ерлер арасында сайыс өтті

«Білімді мыңды жығар» ерлер арасында сайыс өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен мешіт шәкірттері арасында сайыс өтті.

Әуезов аудандық мешіттері жылдық жоспарға сәйкес «Білімді мыңды жығар» атты мешіт шәкірттері арасында ғибадаттың дәрет пен намаз тақырыбы аясында топтық сайыс өткізді. Іс-шараға Алматы Орталық мешітінің бас ұстазы Талғат Сапанов қатысты. Қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша І орынды «Ақсай» мешітінің шәкірттері иеленді. Жүлделі ІІ орынды «Мүзәмміл» мешітінің шәкірттері жеңіп алса, ІІІ орын «Таугүл» мешітінің шәкірттеріне бұйырды. Жүлделі орын алған команда шәкірттеріне қаржылай сыйлықтар берілді. «Құлшылық, ғибадаттың қыр-сырынан ілім жинап, жастарға өнегелі үлгі көрсету ұстаздық міндет. Мұндай сайыстар қала мешіттерінде діни сауатын ашып, дәрістерге ықыласпен ден қойған шәкірттер талабына арқау болмақ. Алдағы уақытта басқа да аудан мешіттерінің шәкірттері арасында сайыс жалғасын табады », - деп атап өтті бас ұстаз Талғат Сапанов. 

Бөлісу: