Елордада «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» атты семинар өтті

Елордада «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» атты семинар өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінде «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» атты имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті. Ұлт ұстазының өнегелі өмірі мен мұрасы ұлықталған семинарға Елорда мешіттерінің бас имамдары мен діни қызметкерлер қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған семинар жұмысына Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов сәттілік тілеп, Алаштың аяулы ұлына дұға бағыштады.

Семинар басында қатысушылардың Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы білімдері бір сынға түсіп, қысқаша викторинамен басталды. Дұрыс жауабын тапқандарға арнайы сыйлықтар берілді.

Семинар барысында «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясының көркемдік кеңесшісі, редакторы алаштанушы Ұшқын Сәйдірахманұлы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің жетекшісі Момынқұлова Алтын Момысқызы, «Алаш» экспедиция тобы басшысы, Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлы мырзалар арнайы баяндама жасап, Елорда имамдарына тың мағлұматтар ұсынды.

дереккөз: muslim.kz

Бөлісу: