Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхана ашылды (фото)

Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхана ашылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы дәрісхананың ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР дипломатиялық қызметінің құрметті ардагері Рафия Дербісәлиева қатысты.

Айта кетсек, Әбсаттар қажы Бағысбайұлы отандық дін мамандарын даярлауға баса көңіл бөліп, 2001 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін ашты. Қазіргі таңда аталмыш университет діни жоғары білімді маман даярлайтын бірден-бір оқу орынға айналды. Мешіттерде қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында 2002 жылы «Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтын» ашып, имам, молдалардың білімін жетілдіру ісін қолға алды.

Бөлісу: