Елорда имамдары тарихи мешітке зиярат жасады

Елорда имамдары тарихи мешітке зиярат жасады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері «Дархан дала» жобасы аясында Қарқаралыдағы «Құнанбай қажы» мешітіне зиярат жасап, бабалар рухына Құран хатым дұғасын бағыштап қайтты.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері сауапты сапар басталысымен әрқайсысы екі парадан Құран оқып, жол ұзақтығын сауапты амалмен алмастырды.

XIX ғасырдың бой көтерген құлшылық ордасын тамашалап, тарихымен танысқан елордалық имамдар «Құнанбай қажы» мешітінде арнайы Құран хатым дұғасын жасады.

Сауапты сапар аясында имамдар тобы Қарқаралы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына да арнайы ат басын тіреп, жергілікті өңірдің терең тарихымен танысты.

Сапар соңында «Ислам – ынтымақ пен бірлік жылы» аясында Қарағанды облысының имамдарымен ақ дастарханда бас қосып, келелі мәжіліс өткізді. Атауы әнге қосылған атақты Қарқаралы өңірінің қонақжай пейіліне ризашылықтарын білдіріп қайтты.

Бөлісу: