17
Жұма,
Мамыр

һижри

ҚМДБ Төрағасы Король V Мұхаммед қабірін зиярат етті (фото)

ҚМДБ Төрағасы Король V Мұхаммед қабірін зиярат етті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігіндегі сапары барысында Рабат қаласындағы осы елдің 1957-1961 жылдары Королі болған V Мұхаммед пен оның ұлы ІІ Хассанның қабірін зиярат етіп, Құран аяттарын бағыштады.

Сондай-ақ ҚМДБ делегациясы зиярат барысында Король V Мұхаммед өмірбаянымен танысып, тарихи кешенді толық аралап көрді.

Айта кетейік V Мұхаммед 1909 жылы Фес қаласында дүниеге келген. 1927-1957 жылдары Марокконың сұлтаны болған. 1956 жылы Марокко Франциядан тәуелсіздігін алған соң король титулын иемденді.

Бөлісу: