05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мешіт тазалықшысына Ұмра жолдамасы табысталды (фото)

Мешіт тазалықшысына Ұмра жолдамасы табысталды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы болып қызмет атқарып келе жатқан Хасенов Аязби үшін жұма күні ерекше қуанышқа толы күн болды. 

Хасенов Аязбидің ұзақ жылдар бойы құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлының бастамасымен демеушілер есебінен кіші қажылыққа жолдама табысталды. Мешіттің бас имамы мен ақсақалдар алқасы Ұмра жолдамасының арнайы сертификатын тазалықшы қызметкерге табыстады. Ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәтті сапар тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін де  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті тағы бір мешіт тазалықшысы Ұмсын Тұрбашоваға да кіші қажылыққа жолдама табыстаған болатын.

Бөлісу: