Қарағанды: Байтуған ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарағанды: Байтуған ауылында жаңа мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының Байтуған ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы, дін қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Айта кетсек, бұл шағын мешіт жергілікті ауыл тұрғындарының атсалысуымен тұрғызылып отыр. Сыйымдылығы бойынша бір мезетте жүзден артық адам құлшылығын өтей алады.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізген облыс имамы Естай Айтуғанұлы мешіт имамы Хусман Разах ақсақалға және жергілікті ауыл тұрғындарына құттықтау лебізін білдіріп, естелік үшін хадиялар мен құнды кітаптарды сыйға тартты.

Сондай-ақ, жамағатпен бірге жұма намазы оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды. Артынша жиналған жамағатқа дастархан жайылып, арнайы Мәуліт оқылды. Облыс имамы жергілікті халықты жаңа мешітпен тағы бір құттықтап, құлшылық үйінің ары қарай көркеюіне бір кісідей ат салысуға шақырды.

Бөлісу: