29
Жұма,
Наурыз

һижри

Алматы: Қар тазалаушыларға ыстық ас таратылды

Алматы: Қар тазалаушыларға ыстық ас таратылды

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен мешіт қызметкерлері шаһар көшелерін қардан тазалаушыларға ыстық тамақ үлестірді.

Оңтүстік астанада қалың қар түсіп, аяз көтерілген сәттен бері тынымсыз тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Осынау аязға қарамай қала тұрғындарының қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін көшелерді қардан тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен тамақ үлестірілді.

Еңбектері ел алдында қыстың суығы мен жаздың ыстығына да төзген коммуналдық қызметкерлері көмек қолын созған мешіт қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

Сонымен қатар Медеу және Әуезов ауданының мешіт имамдары өздерінің жеке көлігімен бір күн «тегін такси» қызметін атқарды. Көшеде қол бұлғаған жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізіп, халықтың мол ықыласына бөленді. 8 аудандық дін қызметкерлері бір мезгілдік түскі ыстық тағамдары мен ыстық шай таратып, қала халқы үшін жасап жатқан еңбектеріне алғыс айтып қайтты.    

   

Бөлісу: