26
Жұма,
Сәуір

һижри

Алматы облысы: Жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Алматы облысы: Жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен жалғызбасты анаға пәтер кілті табысталды.

Іле ауданы дін қызметкерлерінің тікелей атсалысуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 625-баспана кілтін табыстау рәсіміне Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысты.

Өз кезегінде облыс бас имамы: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі» деген бабалардың ұрпағы екенімізді айтып, Іле ауданы, Мұхамеджан Түймебаев ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Бегежанова Зияда апамызға ҚМДБ Төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жолдап, салтанатты түрде 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Зияда Разаховна сауапты іске атсалысқан дін қызметкерлеріне және үйдің қаражатына қолдау көрсеткен атымтай жомарт жандар мен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

Бөлісу: