29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мешітте елорда имамдарына арналған семинар өтті

Бас мешітте елорда имамдарына арналған семинар өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте елорда имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Деструктивті бағыт – дін емес» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері қатысып, діни оңалту бағыты аясындағы біршама білімге қол жеткізді.

Семинар жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Діни Оңалту бөлімінің маманы Данияр Айтбайұлы, Астана қаласы Дін істері басқармасының қызметкері Бауыржан Диханбаевтар шақырылып, қатысушыларға түрлі тақырыптарда дәріс оқыды.

Айта кетейік, аталмыш тақырып аясындағы баяндамалар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, семинар жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болдық.

Бөлісу: