29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Жамбыл: Түркия еліне 44 300 тонна көмек жөнелтті

Жамбыл: Түркия еліне 44 300 тонна көмек жөнелтті

Жаңалықтар
Жарнама

Түркия және Сирия елдерінде болған зілзалаға байланысты көптеген мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан халқы да гуманитарлық көмек көрсетіп жатқаны белгілі. Мұсылман бауырына қиын сәтте көмек беруден Жамбыл облысы Шу ауданының да тұрғындары тыс қалмады.

Дін мамандарының ұйытқы болуымен ауыл тұрғындары қос бірдей жүк көлігіне қыстық жаңа киімдер, аяқ киімдер, қажетті тұрмыстық заттар мен бұзылмайтын тағам, азық-түлік, сәбилерге жөргек, шаруашылық заттарды толтырды. Бір ауданның өзінен жиналған көмек  44 300 тоннаны құрады. 

Сонымен қатар 9 231 989 теңге мен 500 доллар Түркияның Қазақстандағы елшілігіне аударылды. Елшілік Шу ауданына алғыс білдіріп, арнайы хат жіберді.  

Сындарлы сәтте мұсылмандығын көрсете білген барша тұрғындарға имамдар Алла разылығын тілеп, бауырлас мемлекеттер үшін дұға жасап, жүк көлігін сапарға шығарып салды. 

Бөлісу: