19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Бөлім меңгерушісі Жаңаарқалық жамағатпен жүздесті (фото)

Бөлім меңгерушісі Жаңаарқалық жамағатпен жүздесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Смайыл Сейтбеков Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының орталық «Халық» мешітінде жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Смайыл Сүйерқұлұлы құптан намазынан кейін өткен уағызында діндар мұсылман болу маңызды екенін алға тартты. Жамағатты күнә атаулыдан мейлінше сақтануға шақыра келіп: «Ақырзаман жақындағанда иманды сақтау қолға ұстаған шоқ секілді болады. Соған қарамастан біздің мақсатымыз иманымызды сақтап қалу болуы керек», - деді Ғұламалар кеңесінің мүшесі.

Уағыз-насихат соңы сұрақ-жауапқа ұласып, мешіт жамағаты көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Бөлісу: