02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Медреседе «Алаштану» және «Тұлғатану» дәрісханалары ашылды

Медреседе «Алаштану» және «Тұлғатану» дәрісханалары ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Діни басқармаға қарасты «Шымкент» медресе-колледжінде жастардың патриоттық сезімін ояту бағытында һәм төл тарихымыз бен рухани дүинелерімізді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Алаштану» және «Тұлғатану» дәрісханалары ашылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, Анарқұл Сырманов, Бейбіт Сақтағанұлы, Нұрсұлтан Басымбеков және басқа да ұстаздар қатысты.

Салтанатты шара шейіт болған алаш қайраткерлердің рухына Құран оқып, дұға етуден басталды. Әуелі Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына тоқталып, болашақ дін мамандарын ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу және Алаш қайраткерлерінің бес ұстанымы жөнінде жан-жақты айтып, түсіндірді.

Осыдан кейін «Алаштану» рухани-тарихи әдістемелік еңбектің авторы Мұхамеджан Естеміров арнайы дәріс оқыды.    Игі шара барысында «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай арнайы қатысушы азаматтарға алғыс айтып, ризалығын білдірді.

Айта кетсек,  оқу жоспарына сәйкес елімізге белгілі алаштану, тұлғатанушы ғалымдардың қатысуымен  жастардың патриоттық сезімін ояту һәм ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу бағытында түрлі форматта кездесулер ұйымдастырылатын болып шешілді. 

Бөлісу: