29
Жұма,
Наурыз

һижри

«MUFTIYAT» баспасынан шыққан төрт кітаптың танытымы өтті (фото)

«MUFTIYAT» баспасынан шыққан төрт кітаптың танытымы өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті.

Салтанатты рәсімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы қатысып, оқырманға жол тартқан «Жәннатпен сүйіншіленген 10 сахаба», «Табыс теориясы (мұсылман мотивациясы)», «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» және «Ораза (әдебі, міндеттері, пайдасы мен артықшылықтары)» кітаптарымен танысты.

«Діни басқарма әрқашан кітап шығару мен баспа қызметіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Соңғы екі жыл ішінде төл баспамыздан 54 еңбек жарық көрді. Атап айтсақ, «MUFTIYAT» баспасынан 11 Құран жəне тəпсір, 9 ғылыми жəне тарих кітаптары, 3 Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы, 13 қоғамға қатысты кітаптар, сондай-ақ отбасыға қатысты 4 және 14 шариғат кітаптары оқырманға жол тартты. Бүгін танытымы өтіп отырған төрт кітап та оқырмандар үшін пайдалы, рухани азық болады деген сенімдемін. Осы кітаптардың жарық көруіне атсалысқан азаматтарға, баспа директоры Мұрат Манапұлы мен ұжымына алғысымды білдіремін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бөлісу: