11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Мешіт тазалықшысына кіші қажылыққа жолдама берілді

Мешіт тазалықшысына кіші қажылыққа жолдама берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында Астана қаласындағы «Рақымқызы Раиса ана» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы болып қызмет атқарып келе жатқан Зәуре Шабеноваға кіші қажылыққа жолдама табысталды.

Рамазан айының құрметіне орайластырылған тосын сый жамағат қолдауымен, мешіттің бас имамы Қалижан Занқоевтың бастамасымен құлшылық  ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп арнайы Зәуре Маратқызына берілді.

Ұмра жолдамасының арнайы сертификаты тазалықшы қызметкерге табысталғаннан кейін ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәтті сапар тіледі. 

Айта кетейік, елорда мешіттері бұған дейін де құлшылық ордасының қызметкерлеріне арнайы жолдамалар беріп, ерекше қолдау білдіріп келеді.

Бөлісу: