30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«30 күнде 30 баспана»: Мешіт тазалықшысына үй берілді

«30 күнде 30 баспана»: Мешіт тазалықшысына үй берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы аясындағы кезекті баспана Маңғыстау облысында берілді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі шарада Қарақия аудандық орталық мешітінің тазалықшысы, жалғызбасты ана Айгүл Оңалбайқызына пәтер кілті табысталды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы, Қарақия аудандық мешітінің бас имамы Руслан Сержанұлы ораза айында баспаналы болған Оңалбайқызын құттықтап, қариялар ақ батасын берді. Ауыл тұрғыны Азат Атаниязов осы үйдің көрімдігі ретінде жаңа желдеткіш орнатып беретін болды.

Күтпеген жерден баспаналы болған жалғызбасты ана қуаныштан көз жасын тия алмай, Аллаға шүкірлік айтып, осы қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

Бөлісу: