ҚМДБ Астана өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен елордадағы Еуразия ұлттық университетінің жатақханасында тұратын 400 студентке ауызашарға арналған ыстық тамақ таратылды.
Университет жатақханасының алдында өткен игі шараға қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қатысып, студент жастарға жастық шақтың маңызы туралы насихат айтты. Ол білім алуға, ізденуге, жастық шақты бос ұйқымен өткізіп алмауға шақырды.
Студенттерге палау, нан мен сусын таратылғаннан кейін студенттер мен жатақхана басшысы ризашылығын білдіріп, Рамазан айымен құттықтады.