03
Жұма,
Мамыр

һижри

Жаңаөзен қаласына жаңадан бас имам тағайындалды

Жаңаөзен қаласына жаңадан бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы болып Қажымұқан Дауылбайұлы тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жамағат алдында оқып беріп, қызметке жаңадан келген имамды таныстырды. Сондай-ақ, Әнуар Ізімбайұлы бірнеше жыл бойы​ Жаңаөзен қаласының бас имамы болып қызмет атқарған​ Юнус Қадырқұлұлына​ алғыс айтып, ризашылығын білдірді.​

Қажымұқан Дауылбайұлы Төлемағанбетов – бұған дейін облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және өңірге қарасты өзге де ғибадат үйлерінде қызмет атқарған білікті имам, PhD доктор.

Бөлісу: