29
Жұма,
Наурыз

һижри

Имамдарға «MUFTIYAT» баспасының кітаптары таныстырылды

Имамдарға «MUFTIYAT» баспасының кітаптары таныстырылды

Жаңалықтар
Жарнама

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Әбдіхалықовтың қатысуымен  «Кітап – сарқылмайтын қазына» атты  Астана имамдарына арналған семинар өтті.

Біліктілікті арттыруға арналған жиында ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғысөз сөйлеп, жиынның мақсатын атап өтті. Ал «MUFTІYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы жарыққа шыққан соңғы кітаптармен таныстырып, олардың негізгі мазмұны мен мән-маңызын атап, біршама ақпарат берді. Сондай-ақ, баспаның алдағы жоспары мен айналысып жатқан жұмыстарын атап өтті.

Жиын соңында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар таныстырылып, мешіттерге  таратылды.

Бөлісу: