19
Жұма,
Сәуір

һижри

Таразда халықаралық конференция басталды (фото)

Таразда халықаралық конференция басталды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Қарахан мемлекеті тұсындағы Ислам» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, бабалар рухына дұға бағышталды. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор Женгиз Томар (Түркия), тарих ғылымдарының докторы Бабаяров Гайбулла (Өзбекстан), PhD доктор Себетов Жаркынбай (Қырғызстан) және қазақстандық ғалымдар – Нұр-Мүбарак университеті Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов, филология ғылымының кандидаты, доцент Төреәлі Қыдыр т.б ғалымдар қатысып жатыр.

Ғалымдар Қарахан дәуіріндегі діннің дамуы, жазба ескерткіштер, Ислам әдебиеті, әдеби жәдігерлер, Тараз қаласының Ислам тарихындағы орны секілді тақырыптар бойынша баяндама жасап, тың тарихи мәліметтермен бөліспек.

Бөлісу: