19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қызылорда: Байқоңыр қаласына бас имам тағайындалды

Қызылорда: Байқоңыр қаласына бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында орналасқан «Жәрімбет» мешітінің бас имамы қызметіне Ислам Қаюпов тағайындалды.

Ислам Маратұлы – Нұр-Мүбарак университетінің түлегі. Құран Кәрімді жаттаған қари, ҚМДБ жанындағы орыс тілді Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі. 2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қызылорда облыстық «Ақмешіт Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Ислам Маратұлы 2022 жылы «Діни оңалту» саласы бойынша «Muftiyat үздігі» атанды.

Ал бұған дейін Байқоңыр қаласының бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Дастан Талқанбаев өзге қызметке ауысты.

Бөлісу: