28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Еріктілер өрт сөндірушілерге көмек көрсетті (фото)

Еріктілер өрт сөндірушілерге көмек көрсетті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Елорда іргесінде қураған ағаш өртеніп, қала халқын әбігерге салған еді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Qaiyrymdylyq jarshylary» еріктілер тобы оқиға орнында болып, өрт сөндірушілерге ас-су жеткізді.

Тілсіз жаудың бетін қайтару үшін оқиға орнына жедел жеткен 150 өрт сөндіруші мен төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойына жұмыс істеді.

«Еріктілер тобы соңғы бірер аптада өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың еңбегіне, ерлігіне тәнті болды. Біз де қолымыздан келгенше жәрдемдесейік деген ниетпен өрт сөндіру және төтенше жағдай қызметкерлеріне ыстық тағам, ауыз су үлестірдік» дейді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы.

Бөлісу: