29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Астанада «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Астанада «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Жаңалықтар
Жарнама

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде маусым айының басында басталған «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсы бүгін өз мәресіне жетіп, бала шәкірттермен қоштасу кеші өтті.

Шара барысында Азия және әлем чемпионы Санжар Тәшкенбаймен сырлы сұхбат өтіп, балалар былғары қолғап шеберіне өз сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, спортшы он шақты балаға аталған курсты бітіргені туралы анықтама қағазын өз қолымен табыстады.

Бұдан соң жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне ҚазҰӨУ колледж оқытушысы, өнертанушы Айгерім Мажитханқызы сурет өнері туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, «Менің көрікті мешітім» атты сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Сондай-ақ, лагерь бойы жүргізілген спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар арнайы сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

Айта кетейік, биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған жазғы сауат ашу курсына 600-ге жуық шәкірт қабылданған болатын. Бала шәкірттер 20 күн ішінде «Құран әліппесі» және «Имандылық әліппесімен» танысып, «Тәрбие дәрістерін» тәмамдап шықты. Шәкірттердің барлығы оқу бағдарламасын аяқтағаны үшін арнайы «Анықтамамен» марапатталды.

Жабылу салтанаты өткен залға шәкірттердің салған суреттері қойылып, кештің сәнін аша түсті. Шара соңында балаларға тегін балмұздақтар таратылып, аниматорлармен көңілді ойын өткізілді.

Бөлісу: