14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы әжелермен ұрпақ тәрбиесі жайлы әңгімелесті (фото)

Наурызбай қажы Тағанұлы әжелермен ұрпақ тәрбиесі жайлы әңгімелесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласынан келген әжелермен ұрпақ тәрбиесі жайлы әңгімелесті.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз халқымыздың бұрыннан қалыптасқан әжелер мектебін жаңғыртуға мән беріп, осы бағытта көптеген іс-шараларды жүзеге асырып келеміз. Бәріміз де өздеріңіздей әже тәрбиесін көріп өстік. Өйткені тәрбие – асыл дініміз бен дәстүріміздің өзегі. Ұрпақ тәрбиесін түзеуде сіздердің қосар үлестеріңіз мол. Сіздер мешіттеріміздің игі істеріне үлкен үлес қосып келесіздер. Алла Тағала сіздерге күш-қуат нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бүгінде Шымкент мешіттерінде білім алып, сауапты істерге үлес қосып келе жатқан бір топ әжелер Бас мүфти бастамаларына сәттілік тіледі.

Бөлісу: