02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде дуальды оқыту жүйесі іске қосылды

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде дуальды оқыту жүйесі іске қосылды

Жаңалықтар
Жарнама

Жаңа оқу жылынан бастап «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде үш жақты келісім шарт негізінде «Исламтану» мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесі қолға алынды.

Жоба аясында Жамбыл өңірінің мешіттерінде қызмет атқаратын, алайда арнайы дін маманы деген дипломы жоқ қызметкерлер білім алмақ. Кадр жетіспеушілігі салдарынан Діни басқарманың тереңдетілген курстарын оқып, мешітте қызмет етіп жүрген мамандар енді мемлекеттік үлгідегі медресе-колледж дипломына қол жеткізе алады.

Осы мақсатта 2023-2024 оқу жылына дуальды оқыту жүйесі бойынша Жамбыл облысының шалғай ауыл-аймақтарынан келген 30 дін қызметкері қабылдау емтиханын тарсырды. Емтихан алдында Жамбыл облысының бас имамы, аталған оқу орнының директоры Бейбіт Мырзагелдиев молдалармен жүздесіп, бұл оқу жүйесінің мүмкіндіктері жайлы тілге тиек етті. Қызметкерлерге оқуға деген ықыласты арттыратын жігерлі сөздерін айтып, сәттілік тіледі. 

Дін мамандарынан шаһарға арнайы келген ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев емтихан қабылдады.

«Алдағы уақытта Жамбыл өңірінде дипломсыз дін қызметкерлері болмайды»  деп мақсат қойып отыр медресе-колледж директоры.

 

Бөлісу: