29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Қызылорда: Мешіт имамдарының қызметтік әдебі

Қызылорда: Мешіт имамдарының қызметтік әдебі

Жаңалықтар
Жарнама

Осындай тақырыпта Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінде Сыр имамдарының кезекті жиыны өтті.

Аймақтың бас имамы Болатбек Абудың төрағалығымен өткен жиналысқа аудандық мешіттердің бас имамдары онлайн, қала мешіттерінің дін қызметкерлері офлайн қатысты.

Жиында Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қоғамдағы діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және рухани тұтастықты сақтауда имамның рөлі мен тұлғалық келбетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталса, өкілдік жанынан құрылған «Әдеп кеңесі» комиссиясының төрағасы, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Тоқтықбайұлы және комиссия мүшесі, қаланың бас имамы Берік Мәдиұлы жамағат намаздарын, діни жоралғылар мен рәсімдерді өткізу тәртібіне қатысты мешіт имамдарының қызметтік әдебі мен киім кию үлгісіне ыждағаттылықпен қарауға шақырды.

Жиын соңында бас имам дін мамандарына жауапкершілігі мен сауабы мол имамдық қызметті абыроймен адал атқаруды тапсырды.

Айта кетейік, аталмыш тақырыптағы жиындар барлық аудандар мен қала мешіттерінде де жеке-жеке өткізілуде.

Бөлісу: