16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Ақтөбе облысында Досжан ишанға арналған конференция өтті (фото)

Ақтөбе облысында Досжан ишанға арналған конференция өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентіндегі аудандық мәдениет үйінде «Досжан ишан – Қазақстанның көрнекті діни қайраткері және рухани ағартушысы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Алқалы жиын Құран аяттарын оқумен басталып, Досжан ишан Қашақұлының өмірінен сыр шертетін «Аманат» театрланған қойылымы көрсетілді.

Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай, тарихшы, профессор Серік Әжіғали, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Батыржан Мансұров, зерттеуші Елубай Жұмабаев, сәулетші Сәдуақас Сахиұлы, Досжан ишанның ұрпағы Асқар Хабибулин қатысты.

Жиынның модераторы – тарихшы-ғалым Рахым Бекназаров.

Бөлісу: