02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Бас мешітте Мәуліт дастарханы жайылды

Бас мешітте Мәуліт дастарханы жайылды

Жаңалықтар
Жарнама

Кеше әз Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте 400 адамға дастархан жайылып, Мәуліт шарасы атап өтілді.

Мәуліт дастарханынан Астана медресесінің, Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының, Қосшы, Сабынды қари дайындау орталықтарының 270-ке тарта ұстаздары мен шәкірттері, елордалық қарттар үйінің 70 қариясы және Бас мешіт ұжымы дәм татты.

Мәуліт шарасында Құран оқылып, Пайғамбарымызға салауаттар айтылып, білікті ұстаздар тарапынан уағыз-насихаттар айтылды.

Бөлісу: