ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Қосшы қаласында Ақмола облысының аудан-қала имамдарымен кездесті.
Семинар «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында өтті. Онда діни-имани сауаттылық мәселесі қозғалды. Имамдардың қызметіндегі күнделікті діни жұмыстарды жүргізудің рәсімдері, оның ішіндне пәтуа шығарудағы ұстаным әңгіме өзегіне айналды. Соңында наиб мүфтидің жазған кітабы таратылып, таныстырылымы өтті.
Осы күні наиб мүфти жергілікті имамдармен бірге Қосшы қаласында қазығы қағылған мешіт құрылысымен де танысты. Облыстық бағыныстық мәртебесін алған бұл қалада тұрғындар саны да артып келеді. Ал, іргелі бір мешіттің керектігі айдан анық.
Сондай-ақ дін қызметкерлері «Дархан дала» жобасы аясында осында жерленген қазақтың қолбасшысы Қабанбай батырдың басына барып, зиярат етті.