18
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Бекет ата» мешітінде дін мен дәстүр орталығы ашылды (фото)

«Бекет ата» мешітінде дін мен дәстүр орталығы ашылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында Ақтау қаласындағы «Бекет ата» мешітінде «Дін мен дәстүр» орталығының ашылуына қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда мүфтият жанынан Дін мен дәстүр бөлімі ашылды. Мақсатымыз – дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау жұмыстарын жаңғырту. Қазір осы бағытта бірқатар игі жобаларды қолға алдық. Соның бірі – мешіт жанынан дін мен дәстүр орталықтарын ашу. Бұл орталықта әдет-ғұрпымызда бар тұсау кесу, неке қию, азан шақырып, ат қою сынды амалдар орындалады. Сонымен қатар мешіт ұстаздары жас отбасыларға семинар өткізеді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бөлісу: