29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Абай: Әлихан Бөкейханның рухына құран бағышталды

Абай: Әлихан Бөкейханның рухына құран бағышталды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Алаш зиялысы, ұлт жанашыры Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның дүниеден өткен күніне орай толық Құран хатым бағышталды.

Жүзге жуық жанның қатысуымен өткен шара «Тыныбай» мешітінің қатымханасында өткізілді.

«Дауыл мен дүрбелеңге толы ХХ ғасырдың бас кезінде халық қамын ойлап, ұлт жанашыры болған арда азаматтар аз болмады, соның бірі де бірегейі Әлихан Бөкейханның өзі еді. Өкініштісі сол халық соңына еретін азаматтардың дені бірі ерте, бірі кеш мерт болып жатты. Рух майданының шын мәніндегі күрескері болып өмірден өткен аяулы жанның дүниеден өткеніне биыл 86 жыл толып отыр. Әлихан атамыздың танымы мол, тағылымы терең ойларының берер ғибраты кеше мен бүгіннің, ертеңгі болашақтың жемісі болып тәуелсіз ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырары сөзсіз», – деген Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы жиналған көпшілікке ұлт жанашыры туралы мәлімет бөлісті.

Бөлісу: