17
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

ҚМДБ Төрағасы қос имамға қуаныш сыйлады (фото)

ҚМДБ Төрағасы қос имамға қуаныш сыйлады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында өңірдегі қос имамға қуаныш сыйлады.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген қос бірдей қызметтік пәтер Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің имамы Еркеғали Сағынбайұлы мен Шетпе ауданы Таушық ауылындағы «Төлесін молда» мешітінің имамы Сапармамад Сабырұлына бұйырды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қос имамға баспана сертификатын табыстау рәсімінде: «Еліміздің игілігі мен бірлігі жолындағы қызметтеріңізді ыждағатпен атқара беріңіздер. Қоныс құтты болсын. Жаңа үйдің іші жанға, сырты малға толсын» деп ізгі ниетін білдірді.

Бөлісу: