24
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Елорда теологтары мен дінтанушыларына арналған семинар өтті (фото)

Елорда теологтары мен дінтанушыларына арналған семинар өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елорда теологтары мен дінтанушыларына арналған семинар өтті.

Іс-шара үлкен Чебачье көлінің жағасындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - теологтар мен дінтанушылар арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, бірлескен шешімдер іздеу, жұмыстың тиімділігін арттыру. Мұндай іс-шараларды өткізу діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оңалту бағытында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Семинарға қатысушылар үшін теология, психология, заңнама, шешендік шеберлік және SMM сияқты бес бағыт бойынша жоғары білікті спикерлер дәрістер өткізді.

Ол үшін семинарға шешендік шеберлік бойынша маман Руслан Спиридониди, SMM саласындағы сарапшы Жан Қыпшақбай, белгілі дінтанушы, сарапшы Балғабек Мырзаев және ҚМДБ діни білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы ғалым Смайыл Сейтбеков, Дін істері басқармасының бас маманы Романова Адия, теолог-исламтанушы, PhD докторы Исатай Бердалиев, сарапшы-дінтанушы Александр Антипин, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шыңғыс Қожахметов арнайы шақырылды.

Еркін форматта қатысушылар дәрістер бөлімімен қатар команда құрушы ойындарға, эстафеталар мен жарыстарға қатысты.

d6fbe418 32fe 40c4 a286 ba48b7a3930e

94c1ea1c e5da 45b7 84cd ccadc67b833c

c559cc3b 2021 4f8d 99a3 d4a3752ad484

a0771f65 23f8 440b 955c fc1ba2646a19

e6192ed1 5385 4eb7 a00d 39ce72e7b007

ummet.kz

Бөлісу: