17
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Абай: Бір аптада екі мешіт пайдалануға берілді

Абай: Бір аптада екі мешіт пайдалануға берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Өткен аптада Абай облысының екі ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Алдымен Мақаншы ауылында жаңа мешіт қолданысқа беріліп, ашылу салтанатына Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қатысты. Бас имам мешіт құрылысына ат салысқан жандарға ризашылығын айтып, алғыс хатпен марапаттады.

«Облысымызда ислам діні өркендеп игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны күн санап көбейіп, ай сайын толысып келе жатқаны көңіл қуантады. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды».  Сіздердің ат салысуларыңызбен бой көтерген мешітіміздің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын! Алғысым шексіз!» Асқар Әбітайұлы.

Жаңа мешіт жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттың демеушілігімен бой көтерген. Жалпы сыйымдылығы 700 адамды құрайтын жаңа мешіттің бас имамы қызметіне Құдакелді Берекеұлы тағайындалды. Еске сала кетейік, бұған дейін қолданыста болған мешітті қатымхана ретінде пайданалу жоспарланып отыр.

Ал қасиетті жұма күні Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен ауылында да жаңа мешіт ашылып, халық игілігіне берілді. Тұрарбек Тілеубергенұлы аты берілген құлшылық үйінің ашылу салтанатына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев пен облыс бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы қатысты. Салтанатты іс-шара барысында аудан басшысы сөз сөйлеп мешіттің бой көтеруіне демеушілік жасаған кәсіпкер Ринат Тұрарбекұлына алғысын білдірді. Сондай-ақ, ел үшін қызмет етіп жүрген азаматтың анасы Гүлзипа Құсайынқызы «Асыл ана» медалін табыс етсе, Данияр Тұрарбекұлына «Толағай табыстары» медалін табыстады.

Заманауи жабдықта салынған мешіт жанынан сонымен қатар бес жүз адамға арналып салынған қатымхана да орналасқан. Игі шара соңы жамағаттың жұма намазын оқумен жалғасты. Кейін аудандық мәдениет үйінде танымал айтыскерлер Балғынбек Имашев, Дидар Қамиев, Айшолпан Тілеутай, Сырым Әуезханның қатысуымен айтыс ұйымдастырылды. Жиналған жұртшылық ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Бөлісу: