12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ Төрағасы ТМҰ бас хатшысымен кездесті (фото)

ҚМДБ Төрағасы ТМҰ бас хатшысымен кездесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ташкент қаласында өткен Түркі елдері мүфтилерінің отырысынан кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті.

Кездесуде Кубанычбек Өмірәлиев ҚМДБ қызметіне табыс тілеп, Бас мүфти бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді. Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымы толыққанды, беделді халықаралық ұйымға айналғанын айта келіп, ұйымның түркі әлемінің келешегі үшін атқарып жатқан қызметіне алғыс білдірді.

«Түркі мемлекеттері ұйымының негізгі мақсаты – бауырлас елдердің бірлігін бекемдеп, ортақ құндылықтарды төрткүл дүниеге таныту. Түркі мүфтилері кеңесі де осы бағыттағы жұмыстарға дем береді деп білеміз. Бүгінгі Ташкент қаласында өтіп жатқан басқосу – соның бір айғағы. Түркі елдерінің ынтымағы нығайса, түркі әлемі өздерінің қуат-мүмкіндігін жаһанға әйгілесе, басқа мемлекеттер де бұл ұйымның ұстанымдарын басшылыққа алады деп білеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар кездесуде алдағы жылы Қазақстанда өтетін Түркі елдері мүфтилерінің кезекті отырысы пысықталды.

Бөлісу: