02
Сенбі,
Наурыз

һижри

Астана қаласының бас имамы Арман Қуанышбаевқа құрмет көрсетті (фото)

Астана қаласының бас имамы Арман Қуанышбаевқа құрмет көрсетті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Астана қаласына ресми іссапармен келген ҚМДБ РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаевты бүгін Елорда бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының жұмыс кестесіне сәйкес өткізетін кездесулер жайында сұхбаттасып, жұмысына сәттілік тіледі.

Қабылдау соңында қазақы дәстүрімізге сай ұстаз Арман Қуанышбаевқа шапан жауып, қала бас имамы батасын берді.

Айта кетейік, Кентау қаласындағы «Балаби» қарилар дайындау орталығының директоры, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Астана қаласындағы бірнеше мешіт жамағатымен жүздесіп, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған.

Дереккөз: Muslim.kz

Бөлісу: