Меню

01
Сейсенбі,
Сәуір
3
Шәууәл
1446 һижри

Наиб мүфти мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

Наиб мүфти мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ;жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Бақытты отбасы – ізгі қоғам негізі» тақырыбында жұма уағызын айтқан наиб мүфти: «Асыл дініміз ер мен әйелдің өмірлік жұбын тауып, шаңырақ көтеруіне маңыз беруімен қатар, отбасылы жандардың бақыт пен берекеде өмір сүруіне де үлкен мән береді. Өйткені Бақытты отбасы – ізгі қоғам қалыптастырудың басты негізі.  Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Сендерге Оның (Алланың құдіретін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – өз болмыстарыңнан жандарың жай тапсын деп, сендер үшін жұбайлар жаратып, араларыңа махаббат пен мейірімділік сезімін ұялатты. Расында осыны ақылға салып, ойланатын қауым үшін айқын дәлелдер мен ғибрат бар», – деп айтқан («Рум» сүресі, 21-аят).

Бұл аятта адам баласына жүрегінің тыныштығы үшін өмірлік жар берілгені, жұбайлардың арасына сүйіспеншілік пен мейірім салғаны айтылған. Қандай да бір отбасында мейірімнің аясында қарым-қатынас жасалса, арадаға сүйіспеншілік сақталып, жүрек тыныштығы орнап, бақыт пен береке болады» деді Кенжетай Байкемелұлы.

Бұдан кейін наиб мүфти мешіт жамағатымен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

2d6ea2b9-88a1-4c24-b488-29775720b50e.jpeg

3c4752bf-becd-438e-a4af-4f75ffc4437e.jpeg

1e6c518e-4222-412a-b074-343686434cbf.jpeg

305a2e33-b1e3-4712-b037-44dc152a5dcf.jpeg

280fda9a-c8a8-406c-8122-29acc5abc321.jpeg

9353e8bd-1dfd-4721-9c0f-19b9d51f5418.jpeg

60eef6ec-2e80-4db7-85a2-8d64c41ced20.jpegummet.kz

«Әл-Фараби»: Бас мүфти жұма уағызын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти жұма уағызын айтты (фото)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 100 шәкірт марапатталды (фото)

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 100 шәкірт марапатталды (фото)

Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді», – деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеленетінін білдірген.

«Әл-Фараби»: «Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орны» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: «Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орны» тақырыбында насихат айтты (фото)

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

«Әл-Фараби»:  Шешендік өнер тақырыбында семинар өтті (фото)

«Әл-Фараби»:  Шешендік өнер тақырыбында семинар өтті (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналып «Шешендік өнер – халықтың тәлім-тәрбие құралы» тақырыбында танымдық семинар өткізілді.

«Әл-Фараби»: Бас мүфти Құран және ғылым тақырыбында жұма уағызын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти Құран және ғылым тақырыбында жұма уағызын айтты (фото)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Әл-Фараби»: Мұқтаж жандарға жылу сыйлады (фото)

«Әл-Фараби»: Мұқтаж жандарға жылу сыйлады (фото)

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті қаламыздағы мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлап, 34 тонна көмір үлестірді.

«Әл-Фараби»: «Исламдағы жастардың орны» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: «Исламдағы жастардың орны» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылды.

«Әл-Фараби»: Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған жиын өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған жиын өтті (фото)

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде халық ақыны, сазгер Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай рухани жиын өтті.

«Әл-Фараби»: «Құмар ойындарының зияны» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: «Құмар ойындарының зияны» тақырыбында насихат айтты (фото)

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылды.

«Әл-Фараби»: Мәуліт айының соңғы күнін жамағатпен атап өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Мәуліт айының соңғы күнін жамағатпен атап өтті (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жамағатпен бірге Мәуліт айының соңғы күнін атап өтті.