29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мешіт 200 балаға қуаныш сыйлады (ВИДЕО+ФОТО)

Мешіт 200 балаға қуаныш сыйлады

Мешіт тынысы
Жарнама

24 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылдағы үрдіс бойынша мешіт қызметкерлерінің атсалысуында, мейірімді жандардың демеуімен 200 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары таратылды. Сондай-ақ, әр балаға мектеп формасына 5000 теңгеден қаржылай көмек берілді.

Шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, І наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі  Наурызбай қажы Тағанұлы, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов арнайы қатысты.

Сөз алған бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім сапарларына сәттілік тіледі. Сонымен бірге, іс-шараның мән-маңызына тоқталып:

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруыменен жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Мешіт имамдары мен жамағатының атсалысуында бүлдіршіндердің алаңсыз білім алуына қолдау жасау, ағайынға аз да болса көмек қолымызды созып, қоғамның жүгін жеңілдету мақсатында осындай сыйлық жасалып келеді.

Бүгін, міне, кезекті шараға куә болып отырмыз. Осындай іс-шараға ұйытқы болған мешіт ұжымына, қолдау білдірген азаматтарға, осында келген ата-аналар қауымына ризашылығымызды білдіреміз», - деді.

Аталмыш акцияға ата-аналар қауымы дән ризашылықтарын білдірді.

Осылайша, мешітіміздің ұйытқы болуымен қаламыздағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға бас-аяғы 2 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: