19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешітінде жаңа кадр

«Нұр Астана» мешітінде жаңа кадр

Мешіт тынысы
Жарнама

25 қыркүйек.Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елорда төрінде орналасқан мешітке Қайрбеков Нұрлан Евфратұлы жаңа наиб имам болып тағайындалды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жұма күні Бас имам Асқар Әбітайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, жамағатқа жаңа қызметкерді таныстырды және имамның қызмет жолына толағай табыстар тіледі.

Нұрлан Евфратұлының мамандығы дінтану, ғылыми дәрежесі Phd докторы. Бұған дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған. Ал 2018 жылдан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің имамы ретінде жұмыс істеген.

Бөлісу: