19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас имам жамағатпен арнайы кездесті

Бас имам жамағатпен арнайы кездесті

Мешіт тынысы
Жарнама

13 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Жаңа тағайындалған Бас имам Нұрлан Рамазанов жамағатпен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Кеше ғана "Нұр Астана" мешітіне Бас имамдық қызметке тағайындалған Нұрлан Рамазанов бүгін күндіз  мешіттің тыныс тіршілігімен танысса, кешкілік арнайы дастархан басында жамағатпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында жамағатпен танысқан Бас имам жиналған жұртшылыққа "Ақыреттік дос болудың маңызы" тақырыбында уағыз айтты. 

Н.Рамазанов мешітке келушілерге дұрыс діни  ақпараттың мән-маңызын тілге тиек етіп, дұрыс сенім қалыптастырудың алауыздықтың алдын алатынын баса айтты. Мешіт жамағатын өзара мейірімділікте болуға үндеп, бұл сыйластық пен достықтың бұл дүниемен шектелмей  ақыреттік дос болудың маңызы жайына  тұщымды насихат айтты.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: