20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Имамға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Имамға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

25 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің бұрынғы Бас имамы Асқар Мұқановты мешіт жамағаты салт-дәстүр бойынша иығына шапан жауып, жаңа қызметіне шығарып салды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, Асқар Мұқанов «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы қызметінен босытылып, ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы қызыметіне ауысқан болатын.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ерболат Жүсіпов Асқар Әбітайұлының екі жылға жуық уақытта атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жамағаттың атынан иығына шапан жапты.

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов Асқар иманың мешіт тыныс-тірілігіне қосқан үлесіне ризашылық білдіре отырып, қала әкімдігінің алғыс хатын табыстады.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: