22
Жұма,
Қараша

һижри

Рухани дастархан жалғасуда (ФОТО)

Рухани дастархан жалғасуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

9 қараша.  Нұр-Сұлтан.  Ummet.kz – Бас имам Нұрлан Рамазанов сенбілік дастарханда жамағатпен жүздесті,  деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Бас имам мешіт жамағатының береке-бірлігін арттырып, жат ағымның алдын алу, дұрыс діни ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп келе жатқан сенбілік «Рухани дастархан» жобасы аясында жамағатқа уағыз айтты. 

Кездесу аясында Н. Рамазанов «Жүрек тазалығы» тақырыбында насихат айтты. Онда Рамазан Бекболатұлы тазалық ұғымының кең мағынасын түсіндіріп, жүрек тазалығының сипаттары, жүрек кеселдері және одан арылу жолдары төңірегінде сөз қозғады.

«Ислам құндылықтарының негізгі дені тазалық категориясынан бастау алатындығын атап өту қажет. «Тазалық» – жан және тән тазалығы болып бөлінеді. Исламдағы рухани құндылықтар жүрек тазалығынан, яғни рухани тазалықтан туындайды. Құран-кәрімде жүрек тазалығы мағынасында «сәлим» сөзі қолданылған. Бұл сөздің «ислам» сөзімен де бірдей түбірі бар. Сөздіктегі мағынасы бойынша «қалбус-сәлим», яғни сырқатсыз, кемшіліксіз және күнәмен кірленбеген немесе кірленген болса да тәубамен тазаланған жүрек мағынасын білдіреді»,  -  деді Н. Рамазанов.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: